Жарнама
Жарнама

Григорий Бабаян: «Төреші пенальти белгілеу сәтінде қателесті»

01.12.2020, 19:19
Сол пенальти «Шахтердің» еурокубокке жолдама алуына себеп болды.
Жарнама
Жарнама

Қостанайлық «Тобылдың» бас бапкері Григорий Бабаян маусымның соңғы турындағы «Шахтермен» өткен кездесуді қорытындылады:

- Соңғы турда барлық міндеттерді орындағанымызға қарамастан, бүгін өте сапалы футбол көрсеттік. Жігіттер тырысты, гол соғатын сәттер жасады. Осы матчта жеңіске жетуге деген үлкен ықылас болды, бірақ өз сәттерімізді жүзеге асыра алмадық. Біз өте күмәнді пенальтиден кейін гол жіберіп алдық, менің ойымша, төреші сол тұста нақты қателік жіберді.

Барлығыңызға маусым үшін рахмет! Қазір бәрімізге біраз демалып, осы қиын кезеңнен үзіліс алу керек. Тағы да біздің жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Маусымның сәтті аяқталуымен!

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров