"Тобылдың" бас бапкері Григорий Бабаян "Атыраумен" өткен ойыннан соң сұхбат берді:
– Матч алдында кадрлық мәселелерге тап болдық, сондықтан құрамға белгілі бір түзетулер енгізуге тура келді. Бірінші тайм тең дәрежеде өтті, біз үнемі доппен жүрдік, қақпаға қанша жақындасақ та, соққы бағыттауға мүмкіндік болмады. "Атырау" өте агрессивті және ұйымдасқан түрде ойнады, олардың құрамында сапалы орындаушылар бар екенін атап өту керек.
Екінші таймда қонақтар қарсы шабуылға шығып, гол соғатын жүз пайыз мүмкіндікке ие болды. Бұл біздің қорғаушылардың өрескел қателігі, мұндай қателіктер кешірілмейді. Негізі екінші тайм жақсы өтті деп ойлаймын. Команданың өз футболынан бас тартпағаны қуантты.
Бүгін алаңға жарақатынан айыққан Лобжанидзе, Манзорро және Йованчич шықты. Олар үшін ойын ырғағын сезіну маңызды. Ал, жалпы алғанда, ойынға көңілім толды. Тыңнан қосылған футболшылар қосымша серпін берді. Осылай аянбай жұмыс істеуді жалғастыруымыз керек, чемпионат қиын, ешкім ұпай ұстата салмайды. Қазір келесі ойынға дайындалуға аз уақыт бар. Барлығын талдап, Шымкенттегі матчқа жақсы дайындалу керек.
Біздің серіктес: FONBET