Жарнама
Жарнама

Григорий Бабаян: «Жылдам гол соққандықтан, ойынымызды жоғалтып алдық»

15.04.2021, 16:15
Бұл кездесудің тағдырын Тони Сильва соққан гол шешіп кетті.
Жарнама
Жарнама

«Тобылдың» бас бапкері Григорий Бабаян «Қайсармен» болған ойынды (1:0) қорытындылады:

- Бүгінгі кездесуде ротация қажет болды, өйткені бұл ұлттық құрама сапына барған футболшылар үшін тоғызыншы ойын болды. Кейбір ойыншыларға бірінші таймда, ал кейбіреуіне екінші таймда демалыс бердік, сонымен қатар кейбір ойыншылар өз позицияларында ойнаған жоқ. Тәуекел жасауға тура келді, өйткені бізде басқа таңдау болмады. Бұл қиын матч болды, жылдам гол соққандықтан, ойынымызды жоғалтып алдық.

Бірінші таймда бізде есепті еселей алатын сәттер болды. Екінші таймда қарсылас команаданың ойыншысы алаңнан қуылғанға дейін және одан кейін де бізде 200%-дық гол соғатын мүмкіндіктер болды. Өкінішке орай, біз мұндай мүмкіндіктерді пайдаланған жоқпыз, ал «Қайсар» күресіп, есесін қайтаруға тырысты. Ия, оларда мұндай керемет мүмкіндіктер болған жоқ, бірақ бәрібір біз ойынды мұндай деңгейде аяқтамауымыз керек. Ойынның тағдырын ертерек шешіп, матчтың қалған бөлігінде өзіміз қалағандай ойнауымыз керек еді.

Әрине, белгілі бір сәттерде ойыншылардың шаршағаны байқалды, матч біз үшін өте қиын болды, бәрі ойдағыдай болған жоқ. Ойынды ұйымдастыру және допқа иелік ету жағынан қиындықтар болды, бірақ мен тағы да қайталаймын, мұндай кездесулерде ең бастысы жеңіске жетіп, үш ұпай жинау керек.

Келесі ойынды біз «Қайратқа» қарсы өткіземіз. Дұрыс қорытынды жасап, қалыпқа келіп, қазіргі чемпионға қарсы қиын сапарға дайындалу керек.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров