Гришидің голы жеңіс үшін жеткіліксіз болды

“Астана” командасы Конференция Лигасының 2 іріктеу кездесуінде молдовалық “Милсами” командасымен тең ойнады (1:1). 

2500 адамдық спорт кешенінде өткен кездесуде голдар екінші таймда соғылды. Алғашқы болып есепті 57 минутта Грипшидің көмегімен “Астана” ашты. Григорий Бабаян шәкірттері сырт алаңдағы матчта жеңіспен қайтуға жақын еді. Алайда 90 минутта асырылған бұрыштамадан “Милсами” ойыншылары гол соғып кетті. Сөйтіп, қорытынды есеп: 1:1 болып тіркелді. 

Қос команда арасындағы қарымта кездесу 1 тамыз күні Алматыда өтеді. 

Айта кетейік, “Милсама” Конференция Лигасының бірінші іріктеу кезеңінде беларустық “Жодино” командасын екі матч қорытындысы бойынша 4:2 есебімен ұтты. Осылайша команда елордалық клубқа кезікті. 

Материалда: