Гризманн Америка чемпионатына ауысады

“Лос Анджелес” “Атлетиконың” жұлдызды шабуылшысын сатып алу үшін ұсыныс жасайды.

Француз басылымдарының мәліметінше, Антуан осы жазда чемпионат ауыстырады. Оның “Лос Анджелеске” трансфері 10 млн еуроға бағаланады. 

Осы маусымда Гризманн “Атлетико” командасында 32 нәтижелі әрекет жасады. Алайда құрамаға келгенде шабуылшы Еуро турнирін өте сәтсіз өткізді.

Антуан “матрасшылар” үшін жалпы алғанда 389 ойын өткізіп, 181 гол соқты. Француз осы арқылы мадридтік клубтың үздік сұрмергені атағына ие болды. 

Материалда: