Жарнама
Жарнама

Гризманн: Мессидің көмекшісі болғым келмеді

19.11.2018, 21:08
Жарнама
Жарнама
Антуан Гризман "Барселонаға" не үшін ауыспағаны жайында Canal+ арнасына сұқбат берді. - Мені "Атлетикода" барлығы да сыйлайды, құрметтейді. Нашар ойнап қалған сәттерімде жанкүйерлер ысқырып шулаған шақтар болды. Сол кезде Диего Симионе үйіме келіп, маған қолдау білдіріп кетті. Демек, бапкер де, әріптестерім де менің "Атлетикода" қалғанымды қалайды деген сөз. Ал "Барселонаға" ауысуға мүмкіндік болғанын жасырмаймын. Олар маған телефон соқты, сосын смс жазды. Тамаша келісім-шарт ұсынды. Бірақ, мен барлығын саралай келе "Атлетико" менің үйім деп шештім. Маған мұнда барлығы ұнайды. Оның үстіне мен мұнда маңызды ойыншымын. Команда ойыны мен арқылы өрбиді десем артық емес. Ар "Барсаға" барсам Мессидің көмекшісі болып қана жүретін едім. Бұл маған ұнамайды.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров