ҚПЛ-дің 23-турында өткен "Қайрат" – "Ақтөбе" кездесуінен кейін Алматылық команданың жартылай қорғаушысы Валерий Громыко пікір білдірді.
"Біз Шерханды білеміз, оған сенеміз. Ол бізбен бірге жаттығады, барлығын түсінеді. Жарайсың, алаңға шығып, қақпаны "құрғақ" ұстады. Ең бастысы — Темірланға тезірек сауығып кетуін тілеймін, өйткені шыны керек, ол өте қорқынышты сәт болды.” — деді Громыко.
Еске сала кетсек, ойынның 10-минутында "Қайраттың" қақпашысы Темирлан Анарбеков Уче Агбоға соқтығысып, ауыр жарақат алды. Оның орнына шыққан 18 жастағы Шерхан Қалмырза қақпаны берік ұстап, гол өткізген жоқ.
Алматылықтарға жеңіс әкелген жалғыз голды екінші таймда Дастан Сәтпаев соқты. Пас авторы — Еркін Тапалов.
– ASNews.kz
Біздің серіктес: FONBET