Жарнама
Жарнама

Громыконың алғашқы бапкері: “Валерий ҚПЛ-ден биік деңгейде ойнауы керек”

Бүгін, 09:40

"Қайрат" клубы мен Беларусь құрамасының жартылай қорғаушысы Валерий Громыконың алғашқы жаттықтырушысы Владимир Киреенко футболшының балалық шағы мен болашағы туралы ой бөлісті, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Бапкердің айтуынша, Громыконың бойындағы талант пен мінез оның үлкен жетістіктерге жететінін ерте бастан-ақ аңғартқан.

"Жеңіліске жаны қас болатын"

Киреенко Валерийді алғаш көргенде-ақ оның болашағынан зор үміт күткенін айтады. Бапкердің пайымдауынша, нағыз футболшының бойында тек талант қана емес, сонымен қатар еңбекқорлық пен көшбасшылық қасиет болуы шарт.

"Баланың жаттығуға деген құлшынысы, тер төгуге дайындығы және топ бастауға ұмтылысы болуы керек. Валерада осының бәрі болды. Ол жеңілгенді жек көретін! Ойын барысында ашуланып, командасын алға сүйрей жөнелетін.” – дейді жаттықтырушы Sports.ru сайтына берген сұхбатында.

Владимир Киреенко Громыконың қазіргі деңгейіне жоғары баға беріп, оның әлеуеті бұдан да зор екенін айтты.

Бапкердің сенімі бойынша, Валерий Қазақстан Премьер лигасының деңгейімен шектеліп қалмай, одан да жоғары, мықтырақ чемпионаттарда бақ сынай алады.

Жақында Беларусь құрамасының жаттығуы кезінде болған кездейсоқ кездесу бапкерді қатты тебіренткен. Арада қанша жыл өтсе де, атағы шыққан футболшы өзінің алғашқы ұстазын ұмытпай, құшақ жая қарсы алған екен.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров