Грузия Еуро іріктеуінің финалына шықты

Грузия құрамасы Еуро іріктеуінің плей-офф кезеңінде Люксембургты 2:0 есебімен жеңді, деп жазады Аладоп.кз.

“Борис Пайчадзе” стадионында өткен кездесуде Буду Зивзивадзе дубль авторы атанып, Грузияны Еуро іріктеуінің финалына шығарды. Айта кетейік, матчтың 58 минутында қонақ команданың қорғаушысы Максим Шано қызыл қағазбен жазаланды. 

Финалда Грузия Грекия - Қазақстан жұбының жеңімпазымен жолығады.