Бүгін Грузия Ұлттық құрама командасының тарихындағы ең маңызды матч.
Грекияны ұтса, тұңғыш рет Еуропа біріншілігіне барады. Гүржі құрамасында мұндай мүмкіндік болмаған еді. Сондықтан бүгін Тбилисиде сұрапыл кездесу күтілуде. Алаң иелері жартылай финалда Люксембургтен айласын асырған (2:0). Ал Грекияның финалға қалай жеткенін барлығымыз білеміз. Вилли Саньольдің командасы үшін жағымды жаңалық - Хвича Кварацхелия ойынға қатыса алады. Айта кетейік, "Наполидің" вингері сары қағазды көп алып, Люксембургпен ойынды жіберіп алған. Футболды сағынып қалған Кварадонаның бүгін өз командасына аса қажет болары анық. Естеріңізге сала кетейік, Грузия-Грекия матчы бүгін 23:00 де басталады. Қай жеңгені Еуропа біріншілігіне шығады.
Біздің серіктес: FONBET