Жарнама
Жарнама

Гуйе "Тобылға" ауысты

07.12.2012, 18:05
Жарнама
Жарнама
ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН КЛУБТАРЫНДА АУЫС-ТҮЙІС НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ. БІРНЕШЕ ОЙЫНШЫ КОМАНДА АУЫСТЫРЫП ҮЛГЕРДІ. Дегенмен, жаңалығымызды жыл қорытындысынан бастасақ. ҚФФ тарих қойнауына кеткен маусымның үздігі деп Қайрат Нұрдәулетовті атады. Команда бапкерлері дауыс беру арқылы таңдаған шешім бұл. Құптарлық. Қазақ тіліне, ұлтына деген құрметі шексіз Қайрат дәл қазір ұлттық құраманың да ішкі чемпионаттың да көшбасшысы шынымен… Ал оның артынан еріп келе жатқан жас үздік Бауыржан Байтана «Тобыл» командасының жейдесін киді. Бауыржан өткен маусымда «Сұңқарда» доп тепкен. «Ордабасы» сапындағы сенегалдық Мансур Гуйе командадан кеткені мәлім болды. Ол да Қостанай қаласының командасына ауыспақ. «Тобыл» командасы қақпашы Даниил Рихард, ойыншылар Владимир Седельников, Юрий Мокроусов, Радослав Батак, Сергей Концево, Константин Головской, Али Алиев, Сергей Костюк, Сергей Струковпен келісім шарттарын созбады. Ал «Ақтөбе» қазір Мухановтың орнына жаңа бапкер іздеп әлек. Әзірге команда тізгініне кім келетіні белгісіз.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров