Жарнама
Жарнама

Гүлжігіт Алықұлов: Беларусьте алаңдардың сапасы Қазақстаннан жоғары

14.05.2024, 06:37

"Қайраттың" бұрынғы футболшысы Гүлжігіт Алықұлов Беларусь пен Қазақстан чемпионаттарының айырмашылығы туралы сұраққа жауап берді

Гүлжігіт Алықұлов "Неман" командасының сапында
Жарнама
Жарнама

"Мұнда өзіме ұнайды. Бұл жақта жасыл алаңдардың сапасы Қазақстандағыдан жақсы. Ерте көктемде ғана синтетикада ойнаймыз, ал одан кейін матчтарды табиғи төсеніште өткіземіз. Алдына биік мақсат қоятын"Неманның" жейдесінде өнер көрсету мен үшін абырой. Чемпионатты да, Кубокті де ұтқымыз келеді. Командадағы микроклимат өте қолайлы және бапкерлік құраммен арада жақсы түсіністік орнаған",- депті қырғызстандық футболшы. 

Айта кетейік, Гүлжігіт Алықұлов қазір Беларусь чемпионатындағы "Неман" командасында доп тебеді. Ол "Қайрат" қатарында 2020-2023 жылдар аралығында өнер көрсетіп, ел чемпионаты мен Кубокті ұтқан. Г. Алықұлов алматылық клуб жейдесінде барлық турнирлердегі 99 кездесуге қатысып, 13 гол салған және 11 нәтижелі пас шығарды. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров