Жарнама
Жарнама

Гурбан Гурбанов: «Біз өте жақсы команданы жеңдік»

05.11.2021, 15:42
Әзірбайжандық клуб өз тобында көш бастап тұр.
Жарнама
Жарнама

Әзірбайжандық «Карабахтың» бас бапкері Гурбан Гурбанов Конференция лигасының топтық кезеңінің төртінші турында «Қайратқа» қарсы өткен ойын (2:1) туралы пікір білдірді:

- Ең алдымен өз ойыншыларымды құттықтаймын. Бакуде атап өткенімдей, біз өте жақсы команданы жеңдік. Алаңда өткен 90 минуттың барлығы тартысты өтті. Бұл матч өте маңызды болды, мен Алматыда да жеңіске жетуді қаласақ, бұдан да жақсырақ ойнауымыз керек екенін баса айттым. Ауа райы мен алаңның жағдайына қарамастан, жігіттер бәріне төтеп беріп, жеңіске жету үшін бар күштерін салды. Біз қорғанысқа қамалған жоқпыз, үнемі шабуылға шықтық. Қарсыласқа әрекет ету үшін мүмкіндік бермеу керек болды, өйткені олар доппен өте жақсы ойнайды, олардың өзіндік стилі бар. Қалай болғанда да ойыншыларым тәртіпті ойнап, үлкен жеңіске жетті деп ойлаймын. «Қайрат» пен құрметті Құрбан Бердыевке толағай табыс тілеймін.

Менің ойыншыларым жеңіліп тұрып, осындай ойын көрсетсе, оларға көңілім толар еді. Бірінші таймда бізде де жақсы мүмкіндіктер болды, бірақ гол соға алмадық. Мұндай жағдайлар футболда болып тұрады. Матч алдында «Қайрат» ойыншыларына, мысалы, Вагнер Лавқа талдау жасадық. Сондықтан біздің кейбір қорғаушыларымыз мұқият болуы керек еді. Бірақ бәрібір оның шеберлігінің деңгейін ескерген жөн, Хосе Кантені де ерекшелеп айтуға болады. Жалпы, екі тайм да көңілімнен шықты.

Конференция лигасының финалына шығу? Бұл негізінен командаға тілек ретінде айтылды. Мен әр команданың топтан шығуға қабілетті екенін айттым. Бәлкім, бүгін біздің жетістікке жетуге деген құлшынысымыз артып, жеңген шығармыз. Бізде жақсы нәтиже көрсету үшін күшіміз жеткілікті деп айтпас едім, бірақ ниетіміз бар. Кез келген қарсыласпен әдемі және агрессивті ойнауға тырысамыз.

Бүгін алаң тайғақ болып кетті, сондықтан да, әсіресе матчтың басында жиі доптан айырылып қалдық. Ал Кадиге келсек, оның жағдайы жаман емес. Бірақ ол басынан ауыр соққы алды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров