Жарнама
Жарнама

Гус Хиддинк: "Латвиядан жеңілсек мен орнымнан кетемін"

08.11.2014, 02:05
Жарнама
Жарнама
Голландия ұлттық құрамасының бас бапкері Гус Хиддинк журналистерге сұхбат берді. Онда, келесі ойында командасы Латвиядан жеңілсе, қызметінен кететінін мәлімдеді. Естеріңізге сала кетсек, Латвияға қарсы ойын Еуро-2016 іріктеу кезеңі аясындағы кездесу. Голландияның жанкүйерлері команда нәтижесіне де, ойынына да риза емес. Топтық кезеңде әупірімдеп жүріп жерлестерімізді ұтқанымен, Чехия мен Исландия алдында тізе бүкті. "Латвияға қарсы ойын мен үшін маңызды. Жеңілісек, мен командамен қош айтысамын. Бірақ, біздің ойымызда жеңістен басқа мақсат жоқ. Өткендегі жеңілістердің бәрі кездейсоқ екенін дәлелдегіміз келеді. Жанкүйерлер алдында да беделімізді қайта көтергіміз келеді. Ерінбегеннің бәрі бізді сынап жатыр. Голландия Еуро-2016-ға жолдама ала ма? Міндетті түрде алады. Жолдамадан құр алу ұлттық деңгейдегі қасіретпен пара-пар болмақ"-деді Гус Хиддинк.   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров