Англия премьер-лигасының 6-турында "Вест Хэм" "Манчестер Ситиді" қабылдады. Кездесу Лондондағы Олимпиада стадионында өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.
"Манчестер Сити" осы маусымда Премьер-лиганың бес ойынында бар-жоғы сегіз ұпай еншіледі. Бұл "қалалықтар" үшін чемпионаттың осы кезеңіндегі 2014/2015 маусымнан бергі ең төменгі көрсеткіш, ол кезде де командада 8 ұпай болған, деп хабарлайды ВВС.
2014/2015 маусымда "Манчестер Ситидің" бас бапкері чилилік Мануэль Пеллегрини болды, оның басшылығымен команда Премьер-лигада 79 ұпаймен екінші орынға ие болып, сол маусымның чемпионы "Челсиден" 8 ұпайға қалып қойды.
Сондай-ақ Хосеп Гвардиола бастаған команда бірінші рет лиганың бес матчынан кейін кем дегенде 10 ұпай жинай алмады. Бас бапкер ретінде өткен 11 маусымда испаниялық маманда мұндай көрсеткіш болған емес.
Біздің серіктес: FONBET