Гвардиола «Арсенал» мен «Ливерпульдің» басымдығын мойындады ма?

04.04.2024, 12:36

«Манчестер Сити» командасының бас бапкері Хосеп Гвардиола командасының АПЛ-дегі  жағдайы жайлы айтты. Дәлірек айтсақ, испаниялық маман «қалалықтардың» чемпиондық таластағы басты бәсекелестері - «Арсенал» мен «Ливерпуль» туралы пікірін білдірген болатын.

«Олардың ұпайы бізден көп, сондықтан қарсыластарымыздың басымдығы бар. Алайда, бізге Чемпиондар лигасына шығу маңызды. Біз бұған жақынбыз. Бұл турнирде ойнаудың маңызды себептері көп. «Вилланы» жеңуіміз Чемпиондар лигасына жасалған үлкен қадам», - деді Х.Гвардиола. Айта кетейік, «Манчестер Сити» АПЛ-дің 31 турында «Астон Вилланы» қабылдап, 4:1 есебімен басым түсті. Хосеп Гвардиоланың командасы қазір турнирлік кестеді 67 ұпаймен үшінші сатыда келеді. Бірінші орында – «Арсенал». Лондондық клубтың еншісінде 68 ұпай.