Жарнама
Жарнама

Гвардиола елеспен сөйлесті ме?

19.07.2020, 20:58
Бұл Артетаға қатысты емес пе? Артета «Арсенал» бапкері болмас бұрын Гвардиоданың бас көмекшісі болған еді.
Жарнама
Жарнама

«Манчестер Ситидің» бас бапкері Хосеп Гвардиола Англия Кубогының жартылай финалындағы «Арсеналмен» (0-2) болған кездесуде көрінбейтін көмекшісімен сөйлесті.

Бірінші таймның соңында «қалалықтардың» бас бапкері өз орындығына отырып, жанындағы бос тұрған орындыққа қарап сөйлей бастады, белсенді түрде қолмен бірдеңелерді түсіндіре бастады, бірақ бұл кезде Гвардиоланың жанында ешкім болмады. Монолог теледидарға түсіп қалған екен.


Бұл «Манчестер Ситидің» соңғы үш жылдағы «Арсеналға» қарсы матчтағы алғашқы жеңілісі. 2017 жылдың қараша айынан бастап Хосеп Гвардиоланың командасы «Канонирлермен» болған матчта қатарынан жеті рет жеңіске жетті. Енді 21 шілдеде Англия Премьер-лигасының 37-турының матчында "Манчестер Сити" "Уотфордпен" кездеседі.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров