Жарнама
Жарнама

Гвардиола ешқайда кетпейдi

10.02.2011, 19:40
Жарнама
Жарнама

Каталониялық “Барселонаның” бас бапкерi Хосеп Гвардиола испан клубын 2012 жылдың соңына дейiн жаттықтырады. Бұл туралы кеше каталониялық клубтың басшылары мәлiмдедi. Соңғы кездерi Хосеп Гвардиоланың басқа командаға ауысуы мүмкiн деген гу-гу әңгiме шыққан-ды. Испан маманына қызығушылық танытқандардың қатары күннен күнге өстi. Мәселен, өткен жылдың соңында Х.Гвардиоланы ағылшынның “Челси” клубы шақыртты. Италияның “Ювентусы” мен Англияның “Ливерпуль” клубтары да Гвардиолаға құда түстi. Хосеп Гвардиола “Барселона” клубына 2008 жылы келген. Дәл сол жылы Гвардиола бастаған “Барселона” футболшылары алты бiрдей кубокты қанжығаларына байлады. Олардың арасында Испан премьер-лигасы мен Еуропаның Чемпиондар лигасының бас жүлдесi бар.

"Жас Алаш"

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Келесі жаңалық
Рекордшы Роналду