Гвардиола: «Лидс» - ең қолайсыз қарсылас

28.12.2022, 15:09


"Манчестер Ситидің" бас бапкері Хосеп Гвардиола "Лидспен" болатын алдағы АПЛ 17-туры ойыны жайлы пікір білдірді.


"Бұл ең қиын кездесу болайын деп тұр. Мен чемпионатты енді бастағалы отырғанымда басқа қарсыласпен ойнауды жөн көретін едім. Статистикаға сенсек, "Лидс" - АПЛ ең агрессивті командасы. Бастысы бізге сол матчта қателік жібермеу".


"Манчестер Сити" 32 ұпаймен АПЛ 3 орнында келеді, ал "Лидс" қоржынындағы 15 ұпаймен, сәйкесінше 15 орында тұрақтап тұр.