Жарнама
Жарнама

Гвардиола: «Маусымның үздік ойыншысы атағын «Ливерпуль» футболшысы жеңіп алады»

24.07.2020, 19:54
Гвардиола биыл маусымның үздік ойыншысы Де Брёйне болу керек деп ойлайды.
Жарнама
Жарнама

«Манчестер Ситидің» бас бапкері Хосеп Гвардиола өзінің командасындағы Кевин Де Брёйненің сәтті ойынына қарамастан, «Ливерпульдің» футболшысы Премьер-лиганың жыл ойыншысы атағын жеңіп алатынына сенім білдірді.

«Де Брёйне? Жоқ, жоқ, жүлдені «Ливерпуль» ойыншысы алады. Біз чемпион болғанда да бұл атақты «Ливерпуль» ойыншысы жеңіп алған. Енді олар титулды жеңіп алды, сондықтан мен олардың ойыншысы жүлдені тағы алатынына сенімдімін. Бұл марапат әрдайым "Ливерпульге" беріледі, - деді Гвардиола.

Естеріңізге сала кетейік, алдыңғы екі маусымда «Манчестер Сити» Англия чемпионы болды, бірақ жылдың үздік ойыншысы атағын «Ливерпуль» ойыншылары жеңіп алған болатын. 2018 жылы сыйлық премьер-лиганың бір маусымында рекорд орнатқан шабуылшы Мохамед Салахқа бұйырды, ал өткен жылы қорғаушы Вирджил ван Дейкке маусымның үздік ойыншысы деп танылды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров