Гвардиола: Реал қатігез қарсылас

16.03.2024, 14:31

"Манчестер Сити" бас бапкері Хосеп Гвардиола ЧЛ ширек финалының жеребесі туралы пікірін айтты.

"Реал" - қатігез қарсылас. Бірақ, "Барселона" да дәл солай болар еді. "Бавария",  "Арсенал" мен "Атлетико" да оңай емес. Бұл шын мәнінде үлкен бәсекелестік. Сол үшін мен  - "Реал" ма? Жарайды онда, тағы бір көрейік", дедім. Бар болғаны осы", — деген Гвардиола қарсыластарына құрмет көрсетті. Айта кетейік, ширек финалдың бірінші бәсекелері сәуірдің 9-10-да болады. Жауапты матчтар 16-17-сәуірде.