Жарнама
Жарнама

Гвардиолаға алаңдауға еш негіз жоқ

10.03.2022, 04:18
Бүгін түнде Чемпиондар лигасының 1/8 финалында «Реал» – ПСЖ және «Манчестер Сити» – «Спортинг» арасындағы қарымта ойындар өтеді. Aladop.kz осы екі ойынға болжам ұсынып отыр.
Жарнама
Жарнама

«Реал» – ПСЖ, «Манчестер Сити» – «Спортинг» ойынына болжам

Тең есеп тіркелуі мүмкін

Ақпан айында бірінші кездесуде мадридтік «Реал» париждіктерден 1:0 есебімен жеңіліп қалған болатын. Қарымта кездесуде корольдік клуб «Сантьяго Бернабеуде» есе қайтаруға ниетті.

Айта кетейік, екі клуб бұған дейін өзара 14 рет кездескен. Алты ойында «Реал», бес ойында ПСЖ жеңіс тойын тойлаған. Үш ойын тең есеппен аяқталған. Корольдік клуб еншісінде – 16, париждіктерде 18 голдан бар.

«Реал» сапынан Ферлан Менди, Каземиро алаңға шықпайды. ПСЖ сапынан Андер Эррера қарымта ойынға қатыспайды.

Негізі, «Реал» мен ПСЖ – финалға ойнауға лайық жұп. Бірақ соқыр жеребе қос мықтыны плей-офф кезеңінің бірінші кезеңінде жолықтырды. 1/8 финалдық кезеңнен кейін Чемпиондар лигасы фавориттердің бірімен қоштасады.

Испаниядағы ойын тең есеппен аяқталады деп топшылап отырмыз. Болжалды есеп – 2:2.

«Манчестер Сити» келесі кезеңде

Манчестер Сити бұл ойынға екінші құрамын шығаруы да мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, «Спортингке» қарсы бірінші ойында жауапсыз бес гол соғылды. Сондықтан Гвардиола футболшыларына қарымта ойында алаңдауға еш негіз жоқ. Олар тіпті қосалқы құраммен-ақ жеңіске жете алады.

Эттихадтықтар сапында Натан Аке, Рубен Диас және Кайл Уокер ойынға қатыса алмайды. Бенджамин Менди де алаңға шықпайды. Кевин де Брюйненің де алаңға шығуы екіталай. «Спортинг» сапынан Матеус Нунеш дисквалификацияға байланысты ойнамайға қатыспайды, Даниэль Браганса, Хуан Палинни және Потенің алаңға шығу-шықпауы белгісіз.

Бұл ойында екі команда да гол соғады. «Манчестер Сити» минималды есеппен жеңіске жетуі тиіс. Болжалды есеп – 3:2.

Абылайхан ЖҰМАШ


Жарнама
Жарнама

Новости партнеров