"Хабар" арнасының комментаторы Ермұxамед Мәуленнің бүгінгі ойынға жасаған болжамы:
15.02.2017, 03:34
Жарнама
Жарнама
Футбол көктемі келді!
"Болжам-бұрыш" блогымыздың бүгінгі санын "Б-дан" басталатын командаларға бұрмақпыз. "Барселона", "Боруссия", "Бенфика" жайлы сөз болсын.
"ПСЖ" - "Барселона"
Бұл ойын алдында біз командалардың ішкі біріншіліктегі ойындарына еш сүйенбейік. Себебі, бұл жарыстың пәлсапасы басқаша. Екі ойыннан тұратын теке тірестің алғашқысында қос ұжым да қақпаларына гол жібермеуді көздейді. Әсіресе, алаң иелері. Сондықтан да, қорғанысқа жата жүріп ойнауды реттейді. "ПСЖ" бапкері Унаи Эмери шабуылдағанды жаны жақсы көретін бапкер. Алайда, дәл осы ойында "Барсаға" көп гол соға алмасы анық. Ары кеткенде 1 гол. Ал "Барса" өз алаңындағы ойынды ойлайды. Сондықтан да, сырттағы матчта 1 доп соғып жатып алуы да ғажап емес. Жалпы болжам қос команда гол соғады және жалпы тотал 3,5 кем.
ПСЖ сапында Тьяго Мотта мен Тьяго Сильва кездесуге қатыса алмайды.
Ал "Барсада" Хавьер Маскерано, Арда Тұран, Алейш Видаль ойнамайды.
"Бенфика" - "Боруссия" Д
Немістің аты неміс. Олар алғашқы ойыннан-ақ түйткілдің түйінін шешпекші. Португал қырандары өз алаңында қырылып қырғын қылмаса, сырт алаңда сансырап қалуы мүмкін. Сондықтан да, "Бенфика" барын салады. Екі команданың ойыншылар құрамында соншалықты бір қатерлер бар деп айта алмаймыз. Негізгі күніге ойнап жүргендер сапта. Дегенмен, ойын мәнерінің әрі тәжірибесінің үлес салмағын есептесек "Боруссияның" басым түсуі ықтималдау. Тіпті, қонақ команда жеңіске жетеді деп бәс тіккіміз келеді. Ал Дортмундтың бір гол соғары тіпті анық нәрсе секілді болып көрінеді.