Хаби Алонсо - Гвардиолоның көмекшісі атануы мүмкін.

Алонсо - Гвардиолоның «Ман Ситидегі» көмекшісі атануы мүмкін.

«Ливерпуль» мен мадридтік «Реалдың» экс ойыншысы Хаби Алонсо «Манчестер Ситидің» бапкері Хосеп Гвардиоланың ассистенті атануы мүмкін. 38 жасар испандық қазіргі таңда «Реал Сосьедадтың» екінші командасын жаттықтырып жүр. Сондай-ақ жаңа қызметке үміткерлердің қатарында Родолфо Борелло («Манчестер Сити» академисяның бапкері) мен Доменек Торрен де (Гвардиоланың «Барселона» мен «Бавариядағы» экс ассистенті) бар. Дегенмен үміткерлердің арасындағы басты фоварит Алонсо болып тұр.

Гвардиола жаңа қызмет бойынша Хаби Алонсомен хабарласып үлгерген сыйңайлы.

Естеріңізге сала кетсек бұған дейін бапкердің көмекшісі қазіргі «Арсеналдың» бас бапкері Микель Артета болды.