Жарнама
Жарнама

Хагани Мамедов: «Мен Қазақстан жайлы ондай ешнәрсе айтқан жоқпын. Бұл сандырақ!»

02.08.2014, 16:46
Жарнама
Жарнама
Әзірбайжан футбол федерацияларының қауымдастығы Төрешілер комитетінің басшысы Хагани Мамедов әзірбайжандық интернет-басылымдардың біріне берген сұхбатында Қазақстан футболы жайлы жаман пікір айтқандығын жоққа шығрды. Естеріңізге сала кетейік, бүгін Azerisport.com сайты Мамедовтың Қазақстан футболы жайлы пікірін келтірген еді. Онда қарағандылық команданың бас бапкері Виктор Кумыковтың «Шахтер» - «Хайдук» кездесуінен кейін әзірбайжандық төреші Алияр Агеевтің төрелігіне қатысты наразылық білдіргеніне байланысты Мамедов «Қазақстанның орны Азияда, олар Еуропаға бекер-ақ өткен», - депті-мыс. Дегенмен, осыдан кейін ҚФФ баспасөз қызметіне сұхбат берген Хагани Мамедов мырза бұл пікірді жоққа шығарып, ондай нәрсені мүлдем айтпағандығын жеткізді. - Рас айтамын, Мен Қазақстанның УЕФА-ға мүшелігі жайлы ешнәрсе айтқан жоқпын. Бұл барып тұрған сандырақ. Аталмыш басылыммен хабарласып та қойдық. Олар бәрін түзеуге уәде берді, - деген Хагани Мамедов мырза былай деп жалғастырды. – Қоса кетейін, Алияр Агеев соңғы аптада қазақстандық команданың қатысуымен өткен екінші ойынға төрелік жүргізді. Сондай-ақ, «Қайрат» - «Кукеси» кездесуінде де қызмет атқарған. Бұл үш кездесуде де сіздердің командаларыңыз жеңіске жеткен. Жалпы, қазақстандық клубтардың еурокубоктағы ойындарының арқасында біздің төрешілер алқасы өздеріне зор тәжірибе жинауда. Қалайша мен сіздердің орындарыңыз Еуропада емес, Азияда да деп айтамын? Бұл сандырақ қой! - «Шахтердің» бас бапкері Виктор Кумыковтың «Хайдукпен» болған кездесуден кейін сіздердің төрешілеріңіз жайлы айтқан наразылығына не айтар едіңіз? - Түсінемін, ол эиоциясын ұстай алмай, аздап қызбаланып кетті. Бірақ Алияр бұл ойынға керемет қызмет атқарды. Біз ойынды бақылап отырдық. Оның барлық шешімдері дұрыс болды. Пенальтиге де, «Шахтер» футболшыларына көрсеткен ескерту қағаздарына да қояр кінәм жоқ. Оның төрелігіне көңіліміз толды. Кумыков мырзаға келер болсақ, менің білерім, ол ертесі күні қызбаланып кеткенін мойындаған. www.kff.kz
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров