Қазақстан құрамасының сырттағы ойындарында да осы оқиға бірнеше мәрте орын алған. Тіпті мына өзіміз болған Черногория - Қазақстан ойынында Подгорицадағы стадионның дикторы алдымен өз тілінде, сосын қонақтардың тілінде сөйледі. Қонақтардың тілінде деген кезде қазақша айтуы тиіс сияқты болып көрінеді иә? Жоқ! Орыс тілінде. Кейіннен осы мәселені сұрастырған да едік. Сөйтсек Федерацияның оған қатысы жоқ болып шықты. Орыс тілінде сөйлейтін адам тауып берген біздің елшілік екен.
Өткенде Хорватия мен Қазақстан арасындағы теннис матчында да диктор орыс тілінде сайрады. Тағы да киліктік. Бірақ, әртүрлі немқұрайлы жауап аласың. Жауаптардың, себептердің ішінде өзіңіздің қалай адасып кеткеніңізді білмейсіз. Бұл жағдайда біздің елшіліктер мен федерациялар бар кінәні мойнына алуы тиіс.Біздің серіктес: FONBET