Жарнама
Жарнама

Хамес не үшін ажырасты? Қазіргі қызы кім?

13.06.2020, 20:59
Бұл жігіт ажырасып, қайта қосылып, қайта ажырасып жүр. Футболдағы ойыны да осыған ұқсас. Клубтарды жиі ауыстырады.
Жарнама
Жарнама

"Реал" Мадридке келе салып Хаместің бірден жолы бола кеткен жоқ. Сосын оны клуб басшылығы "Баварияға" жалға бере тұрды. 2017 жылы ол әйелі Даниэлла Оспинадан ажырасты. Ортада қызы Солома қалды. Даниэлла Оспина біліп отырсыздар қақпашы Давид Оспинаның туған қарындасы. Ал Даниэлланың өзі де Колумбияда танымал волейболшы. Ал қазір Хамес Топ-модель Шенон де Лимамен жүріп жүр.

Бұл қыз сырт келбетімен ғана емес, ер жігіттермен болған романдарымен де танымал. Соның бірі әнші Марк Энтонимен болған. Энтони дегеніміз Дженифер Лопестің бұрынғы күйеуі. Бұл екеуі үйленіп, кәдімгі ерлі-зайыпты болып бірге 2 жыл ғұмыр кешті. Сосын ажырысуға мәжбүр болды. Қазір Шенон Хамес Родригеспен көңіл қосып жүр, бірақ үйленудің қажеті шамалы деп шешті.

Бұл екеуінің арасындағы сыбыстар "Бавария" чемпион болып, соны "Алянц-Аренада" тойлаған кезде толықтай анықталды. Шенон сол кеште Хаместің қасынан бір елі де қалмай жүрді. Ол аз десеңіз екеуінің арасында бір бала бар екен. Баспасөздің жазуы бойынша бұл баланы олар сурогат анадан тудыртыпты. Криштианудан көргенін істеген ғой.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров