Жарнама
Жарнама

Хамес Родригес катарлық клубқа ауысты

23.09.2021, 15:37
Келісім-шарт туралы нақты ақпараттар жарияланған жоқ.
Жарнама
Жарнама

"Эвертон" мен Колумбия құрамасының 30 жастағы жартылай қорғаушысы Хамес Родригес катарлық "Аль-Райян" клубына ауысты.

11 қыркүйекте Хамес "Стамбул Башакшехир" клубымен нақты мәмілеге келе алмағандықтан "Эвертонға" қайта оралған еді. Ал 11 күннен кейін катарлық клубқа ауысу мүмкіндігі пайда болды. Родригес Премьер-лиганың осы маусымында бірде-бір матчқа қатысқан жоқ. Сол себепті колумбиялық футболшы бұл ұсынысты еш ойланбастан қабыл алды.

Естеріңізге сала кетейік, Хамес өткен жылдың қыркүйегінде "Эвертонға" ауысқан еді, оған дейін "Реал Мадрид", "Бавария", "Монако", "Порту", "Банфилд", және "Энвигадо" клубтарының намысын қорғаған. Өткен маусымда жартылай қорғаушы Англия Премьер-лигасының 23 ойынына қатысып, алты гол соқты, төрт нәтижелі пас берді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров