«Аль-Райянның» жартылай қорғаушысы Хамес Родригес қазіргі командасынан мүмкіндігінше тезірек кеткісі келеді. Футболшыға түркиялық «Галатасарай» мен колумбиялық «Атлетико Жуниор» қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Calciomercato.
Дереккөздің хабарлауынша, колумбиялық клуб 30 жастағы отандасы үшін 15 миллион еуро төлеуге дайын. Родригес 2021 жылдың қыркүйегінде «Эвертоннан» «Аль-Райянға» ауысқан болатын. Жартылай қорғаушы катарлық команда жейдесінде 15 матч өткізіп, бес гол соқты, жеті нәтижелі пас берді.
Хамес Родригес пен «Аль-Райян» арасындағы келісім-шарт 2024 жылы аяқталады. Колумбиялық футболшының нарықтық құнын Transfermarkt порталы 15 миллион еуроға бағалап отыр.
Біздің серіктес: FONBET