Жарнама
Жарнама

Хамес жаңа клуб іздеуде

13.07.2020, 05:00
Осындай керемет ойыншыны 32 миллион еуроға сатып алатын командалар көп шығар.
Жарнама
Жарнама

«Реал Мадрид» жартылай қорғаушысы Хамес Родригес жақын трансферлік терезе кедінде клубын ауыстырғысы келеді. Қазір 29 жастағы колумбиялық ойыншы белсенді түрде жаңа команда іздеуде, деп хабарлайды El Pais.

"Реал Мадрид" сонымен бірге Хаместі сатуға қарсы емес, өйткені ол клубтың ең көп жалақы алатын ойыншыларының бірі. Корольдік клуб дағдарыс кезінде қаржылық шығындарды азайту үшін трансферлер мен жалақыларды үнемдеуді қалайды.

«Атлетико Мадрид» Родригесті 45-50 миллион еуроға сатып алуға дайын болды, бірақ «Реал» басшылығы келісім жасаудан бас тартты. Бұл жолы «Реал Мадрид» бірнеше жеңілдік жасауға келіседі деп күтілуде.

Хаместің «Реал Мадридпен» келісімшарты 2021 жылдың 30 маусымына дейін жарамды. Жартылай қорғаушының трансфер құны небәрі 32 миллион еуроға бағаланады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров