Екінші лигада дебют жасағалы жатқан алматылық «Хан Тәңірі» клубы 12 ойыншымен келісім-шартқа отырды.
Осылайша, аллағы маусымнан бастап Сергей Гридин, Андрей Шабаев, Виктор Крюков, Рахымжан Розыбакиев, Владимир Вяткин, Ойбек Балтабаев, Дамир Битусупов, Даниел Мәуленов, Роман Павинич, Дәурен Сүйінов, Евгений Нохрин және Данияр Нөкебай клубпен алматылық клубтың намысын қорғайтын болады.
Еске салайық, «Хан Тәңірі» Екінші лигаға Алматының атынан қатысатын жеке меншік клуб болып табылады.
Команданың бас бапкері болып Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы Алмас Құлшынбаев тағайындалса, оның көмекшісі ретінде отандық маман Асқар Қожабергенов жұмыс істемек. Клубтың спорт директоры қызметіне Дәурен Құсайынов бекітілді.
«Хан Тәңірі» оқу-жаттығу жиынын Түркияда өткізіп, 6 ойынның төртеуінде жеңіске жетіп, 2 рет қарсыластарына есе жіберді.
Біздің серіктес: FONBET