Жарнама
Жарнама

Хаверц - «Челси» тарихындағы ең қымбат ойыншы атанады

Неміс ойыншысы Кепа Аррисабалаганың рекордын жаңартады.
Жарнама
Жарнама

"Челси" мен "Байер" Хай Хаверцтың трансфері жөнінде келісімге келіп қойды.

Хаверц лондондық ұжымның қатарына 80 млн еуроға қосылып, клуб тарихындағы ең қымбат трансфер иесі атанбақ. Қосымша тағы 10 млн еуросы бар. Бұған дейін ең қымбат орын алған трансфер қақпашы Кепа Аррисбалагаға тиесілі болған еді. Трансфер құны 71 млн еуро.

Кай ұжымға келіп қосылған осымен алтыншы жаңа ойыншы болмақ. Абрамович бастаған команда Тиаго Силва, Бен Чилуэлл, Маланг Сарр, Хаким Зийеш пен форвард Тимо Вернер сынды су жаңа ойыншылармен қатарын толықтырды.

"Челси" Премьер Лигадағы алғашқы оцынын 14 қыркүйек күні сырт алаңда "Брайтонға" қарсы өткізеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров