Жарнама
Жарнама

Хави «Аль Саддпен» бірге тарихи рекорд орнатты

27.10.2021, 15:24
Хави катарлық клубпен бірге жеті трофей жеңіп алды.
Жарнама
Жарнама

Хави жаттықтыратын "Аль-Садд" ел чемпионатында 34 кездесу бойы жеңілмеді. Бұл клубтың жаңа рекорды болып табылады, деп хабарлайды Marca басылымы.

"Аль-Садд" Катар чемпионатының 7-ші турында "Умм-Салаль" командасын 3:1 есебімен жеңді. Бұл кездесу Хави мен оның командасына жаңа рекорд орнатуға көмектесті.

Хави "Аль-Саддты" 2019 жылы тізгіндеген болатын. Осы уақыт ішінде ол клубпен бірге 2020/21 жылғы Катар чемпионатын, екі рет Катар ханзадасының кубогін (2020, 2021), 2019 жылы шейх Ясим кубогын, екі рет Катар әмірі кубогін (2020, 2021) және Катар кубогін жеңіп алды.

Бұған дейін Хави "Аль-Садд" сапында ойыншы ретінде өнер көрсеткен. Испаниялық футболшы 82 матч өткізіп, 21 гол соқты. Сондай-ақ төрт титул жеңіп алды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров