Хави "Барселона" бас бапкері болуы мүмкін

11.01.2020, 20:31

Хави Каталонияға қайта оралмақ.  

"Блауграна" басшылығы әсіресе, Эрик Абидаль мен Оскар Грау команданың аңызға айналған ойыншысы Хавидің бас бапкер болғанын қалайды деп хабарлайды RAC1. Сондай-ақ, Абидаль мен Хавидің кездескенін Испания БАҚ өкілдері жарыса жазып жатыр.

Айта кетейік, испаниялық маман "Аль-Садд" командасының бас бапкері қызметін атқарады.

Қазір "Аль-Садд" Катар чемпионатында 11 матчтан кейін, 21 ұпай жинап, үшінші орында тұр. 

Шыңғысхан Досмұхамбетов