Жарнама
Жарнама

Хави «Барселонадан» кететінін мәлімдеді

21.05.2015, 22:25
Жарнама
Жарнама
Каталондық клубтың жартылай қорғаушысы Хави «Барселонадан» уақытынан бұрын кететінін жариялады.  35 жасар испаниялық футболшының таңдауы катарлық «Аль-Садд» командасына түсті. Жаңа командасында 3 маусым өнер көрсететін Хавидің жылдық жалақысы 10 миллион евро болмақ. «Барселона» клубымен футболшының келісім — шарт мерзімі 2016 жылдың 30 маусымына дейін болатын. Алайда, келісім — шарт мерзімін уақытынан бұрын аяқтау үшін екі жақ ортақ келісімге келді. Бұған дейін «Аль-Садд» командасында испаниялық аңыз футболшылардың бірі - Рауль Гонсалес өнер көрсеткен. (39 ойын, 11 гол)
Хави «Барселонаның» негізгі құрамында 1998 жылдан бастап ойнай бастады. Осы уақыт аралығында ол Барселона сапында 751 ойын өткізіп үлгерген екен. Командамен 8 мәрте Испания чемпионы атанып, 2 рет Кубокты, 6 рет Испанияның Суперкубогын, 3 мәрте Чемпиондар Лигасын, Европа Суперкубогын 2 рет, клубтар арасындағы әлем біріншілігін 2 рет ұтып алған болатын. Абылайхан ЖҰМАШ
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров