Жарнама
Жарнама

Хави «Барселонаның» екі қызметкерін жұмыстан босатты

10.11.2021, 16:16
Енді «Барселонада» жарақат алған ойыншылардың саны азаятын шығар.
Жарнама
Жарнама

«Барселонаның» жаңа бас бапкері Хави өзгерістер енгізе бастады, деп хабарлайды AS.

Дереккөздің хабарлауынша, испаниялық маман каталондық клубтың екі қызметкерін жұмыстан шығару туралы шешім қабылдаған. «Барселона» физиотерапевт Хуанхо Брау мен физикалық дайындыққа жауапты маман Альберто Рокені қызметінен босатты. Брауды «Аль Саддта» Хавимен бірге жұмыс істеген Карлес Ногейра алмастырады, ал Иван Торрес фитнес жаттықтырушы болып тағайындалды.

Сондай-ақ «Барселонаның» директоры Матеу Алемани мен Хавиге медициналық қызметкерлердің жұмысы ұнамауда.

Қазіргі уақытта каталондық клубтың 11 ойыншысы жарақат алған. Олардың ішінде Педри, Дембеле, Роберто, Гонсалес, Пике, Гарсия және Фати секілді ойыншылар бұлшықетін ауыртып алған. Нето тұмау жұқтырды, Агуэроның жүрегінде ақау болса, Брэйтуэйт тізесіне ота жасатты, ал Десттің белі ауыруда.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров