Жарнама
Жарнама

Хави ертең «Барселонаның» бас бапкері атанады

05.11.2021, 05:05
41 жастағы маман Испанияға демалыс күндері келеді.
Жарнама
Жарнама

"Барселона" ертең, 5 қараша күні Хавиді бас бапкер етіп тағайындайды, деп хабарлайды Sport.es.

Бүгін Катарда "Аль-Садд" басшылығының "Барселонаның" өкілдері Рафа Юсте және Матеу Алеманимен өткізген кездесуі оң нәтиже берді. Хави демалыс күндері Барселонаға келеді және апта басында негізгі команданың жаңа бас бапкері ретінде таныстырылады. Ол каталондық клубтағы дебютін 20 қарашада "Эспаньолға" қарсы өткізеді.

Хави мен "Аль-Садд" арасындағы қазіргі келісім 2023 жылға дейін есептелген. Бірақ 41 жастағы испаниялық маман катарлық клуб басшылығымен "Барселонаға" ауысу туралы нақты бір мәмілге келген.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров