«Барселонаның» президенті Жоан Лапорта мен бас бапкер Хавидің арасында жартылай қорғаушы Усман Дембелеге қатысты келіспеушілік туындады, деп хабарлайды Marca.
Дереккөздің айтуынша, Лапорта Дембеленің бұдан кейін каталондық клубта ойнамағанын қалайды.
Хави де, өз кезегінде, Дембеленің маусым соңына дейін клубта қалуын талап еткен жоқ. Дегенмен, ол жартылай қорғаушының командаға тигізер пайдасы мол деп сенеді. Сондай-ақ Дембеле жаңадан келген Пьер-Эмерик Обамеянгқа көмектеседі деп есептейді. Себебі қос футболшы кезінде дортмундық «Боруссия» сапында бірге ойнаған.
Жақын арада тараптар арасында кездесу өтіп, Дембелеге қатысты мәселе талқыланбақ.
Бұған дейін «Барселона» футболшымен келісім-шартты өзара мәміле бойынша бұзғысы келетіні хабарланған болатын. Дембеле келіссе, еркін агент атанады, ал каталондықтар оған жаңа клуб тапқанша жалақының бір бөлігін төлейтін болады.
Біздің серіктес: FONBET