Жарнама
Жарнама

Хави мен Иньеста-Касильяс жайлы

13.07.2015, 17:17
Жарнама
Жарнама
"Барселонаның" бұрыңғы және бүгінгі капитандары Касильяске өз қолдауларын білдірді. "Барселонамен", жалпы Испан Премьерасымен қоштасқан Хави, ұлттық құрамада бірге талай асуларды бағындырған Касильястің "Реалдан" кетіп, "Портуға" ауысқаны жайлы сөз қозғады. Екеуі екі командада ойнап, алаңда қаншама рет қарсылас ретінде кездессе де, қос футболшының өмірде ең жақын достар екені барша жұртқа мәлім. "Мен Икерді қатты сыйлаймын. Ол-менің досым. Еңсеміз түскен кезде өзінің жанға рух берер сөздерімен, әзілдерімен бізді алға жетелеуге тырысатын. Табанды, салмақты, сабырлы жан. "Реал" мен "Барселона" арасындағы ара-қатынас өршіп тұрған кезде де маған хабарласып, қайткен кезде бәрін сабасына түсіруге болады деп ақылдасып тұратын. Икер-Реалдың туа біткен көшбасшысы" Иньеста: Бұл тақырып жөнінде Икермен әлі сөйлесе қойған жоқпын. Бірақ дәл қазір оған қатты қиын екенін түсінемін. Жанының бір бөлшегінен айырылған адам басқа қандай кұй кешсің? Бүге-шүгесіне дейін бәрін білмеймін, алайда Касильяс өз мансабын Мадридтке аяқтауға дайын еді. Әрі қарай не боларын уақыт көрсетер. Тамаша футболшыны өз қатарына қосқан "Портудың" да бағы бар екен. 
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров