“Барселона” ФК бас бапкері Хави қатардан шығып қалған Тер Штегеннің орнына қақпашы алмайтын болды.
“Тер Штегенді алмастыратын қақпашы? Біз ешкімді сатып алмаймыз деп шештік. Қолда бар қақпашыларымызға сеніп отырмыз. Әсіресе Иняки Пенья. Бұл ойыншы өзін жақсы қырынан көрсетуде.
Оның үстіне Тер Штеген қатарға тезірек оралады деген үміт басым”.
Қазіргі сәтте Марк-Андре беліне жасалған отадан кейін қалыпқа келуде.
Неміс қақпашысының орнын алмастырып жүрген Пенья “Барса” жүйесінде 2012 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы маусымда Иньяки блауграна үшін 2 ойын өткізіп, қақпасына бір гол жіберген болатын. Transfermarkt бұл аяқдопшыны 4 млн еуроға бағалайды.
Біздің серіктес: FONBET