Жарнама
Жарнама

Hawk-Eye технологиясы – Қазақстан футболында VAR толығымен іске қосылады

04.12.2025, 13:48

Қазақстан футболы толыққанды VAR жүйесіне көшпек, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Серый CARDINAL телеграм арнасының мәліметінше енді елімізде әйгілі Hawk-Eye — деп аталатын технология қолданылады. Sony компаниясына тиесілі бұл жүйе бүгінде FIFA мен UEFA-ның негізгі таңдауы. Сонымен қатар, теннис, волейбол, баскетбол секілді көптеген спорт түрлерінде де пайдаланылуда

Қазақстан бұл кешенді орташа бағасынан 1,1 млн доллар арзанға сатып алып отырған көрінеді.

Hawk-Eye-дың қателік ықтималдығы – бар болғаны 3,6 мм. Бұл бүгінде футболда қолданыстағы ең жоғары дәлдік көрсеткіштерінің бірі.

ҚПЛ енді толыққанды халықаралық стандарттарға сай технологиямен жұмыс істейді.

Озық жүйені орнату барысында индустрияның жетекші сарапшылары Қазақстандық мамандарды оқытпақ және Еуропаның ірі лигаларындағыдай бірыңғай бақылау орталығы құруға мүмкіндік ашылады.

Енді офсайд сызығы бойынша мәселе азаймақ –  төрешілер оны өз бетінше емес, жүйенің дәл деректері арқылы ғана бағалайды. Hawk-Eye офсайдты сантиметрге дейін дәл көрсететіндіктен, субъективті шешімдерге орын қалмайды. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров