Ла Лиганың ортаңқол командасы "Хетафе" қыста "Реал Мадрид" пен "Барселонаның" ойыншыларын қатарға қоспақ ниетте, деп хабарлайды AS.
Дәлірек айтқанда, мадридтік ұжымның "Вильярреал" командасында жалда жүрген жапониялық жартылай қорғаушысы Такефуса Кубо мен каталониялық клубтың жартылай қорғаушысы Карлес Аленья алдағы уақытта "Хетафе" клубының жейдесінде өнер көрсетуі мүмкін. "Реал Мадрид" те, "Барселона" да ойыншыларын "Хетафеге" жалға беруге толықтай дайын, тек аталған қос ойыншының келісімі керек.
Айта кетейік, "Хетафе" командасы Испания чемпионатының турнирлік кестесінде 14 турдан кейін 17 ұпаймен 12-ші орнында тұр.
Шыңғысхан Досмухамбетов
Біздің серіктес: FONBET