Голландиялық бапкер Гус Хиддинг Ресейдің «Анжи» клубын қолға алды.
Goal.com-ның мәлімдеуінше Ресейдің бұрынғы бапкері дағыстандық клубпен 1,5 жылға келісім жасасты. Хиддингтің көшуі жайлы ресми ақпар тәулік ішінде жария болады деп күтілуде.
Голландия мен ағылшынның БАҚ өкілдері «Анжидің» Хидингке тағайындаған жалақысы жылына 10 миллион еуроны құрайтынын ертеректе айтқан болатын.
Түріктер Хиддингті міндеттен босатқаннан кейін оның болашағы жайлы түрлі болжамдар айтылған. Біреулер Хиддингті «Челсиге» барады десе, біреулер ағылшын құрамасын басқарады жорамалдады. Голландиялық бапкер, ақырында, мүлдем басқа бағытты бетке алды.
http://www.alaman.kz