Жарнама
Жарнама

«Химки» Исламбек Қуаттың болашағына қатысты шешім қабылдады

17.01.2021, 01:39
Қуат «Химкидің» оқу-жаттығу жиынынан тыс қалды.
Жарнама
Жарнама

"Химки" клубы Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуатпен қош айтысуды жоспарлап отыр.

Betonmobile.ru сайтының хабарлауынша, жартылай қорғаушы қазірдің өзінде жаңа клуб іздестіруде. "Химки" ойыншыны Түркиядағы алғашқы оқу-жаттығу жиынына апармады.

Исламбек Қуат жаңа команда тапқанға дейін "Химкидің" екінші командасымен жаттығатын болады.

Қуат өткен жылдың қыркүйек айында "Химкиге" ауысып, осы уақыт аралығында Ресей чемпионатында алты кездесу өткізді. Ойыншымен келісімшарт жазға дейін жасалған. Естеріңізге сала кетейік, "Химки" РПЛ-дің турнирлік кестесінде 11-ші орында тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров