Хижниченко Оманға аттанды

24.12.2010, 22:47

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысын бұдан былай «Локомотивтің» экс-футболшысы деп айтуға болатын шығар. Өйткені Хижа Голландияның «Фейеноордымен» келісімшартқа отыруға жақын. Осыдан екі апта бұрын Сергей Хижни ченконы Голландияның атақты футбол клубтарының бірі «Фейеноордқа» бапкер лер сынағынан өтуге кетті деп естіген жұрттың көбісі бұл ақпаратқа сенбегені рас. Алайда ақпарат шындыққа айналып, мұны әйгілі клубтың ресми сайтының өзі растаған болатын. Тіпті Хижниченконың жаңа клубындағы жаттығуларынан сурет тер де сайтқа ұқыпты салынған. Кейіннен Голландиядан хабар келмей кетті. Ол жақта футболшымыздың тағдыры қалай болып жатқанынан біз де хабарсыз болып, шын алаңдадық. «Әй, осы сынақтан сүрінді-ау» деп те күмәндандық. Еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарының біріне, «бізбен Хижниченкоға байланысты «Фейеноорд» тарапынан ешкім хабарласқан жоқ. Егер хабарласса, біз дұрыстап сөйлесеміз» деп, «Локомотив» футбол клубының директоры Григорий Лория күдігімізді одан бетер кү шейт ті. Сөйтіп, көңіл алаң болып жүргені мізде Голландия клубының техникалық директоры Лео Беенхаккер «Фейеноорд тың» ресми сайтына сұхбат беріп, Хижаны өз клубында көргісі келетінін жасырмады. – Бұл – өте шебер футболшы. Маған ұнады. Мен Хижниченконы жақын арада Роттердамнан көргім келеді. Бірақ бәрін қаржы мәселесі шешеді, – деді Лео Беенхаккер. Айта кетейік, футбол нарығын зерттеу мен, сондай-ақ сараптаумен айналысатын немістің transfermarket.de сайтының мәлі метінше, бүгінде Хижниченконың бағасы 450 мың евроны құрайды. Дегенмен «Фейеноорд» шабуылшымызға жай ғана қызығып қоймай, үлкен үміт те артатын се кілді. Олай дейтініміз, Сергей Хижниченко «Фейеноордпен» бірге Оманға оқу-жат тығу жиынына кетті. Егер клуб қажет деп таппаса, футболшымызды өздерімен бірге ерте кетпес еді ғой. Енді не де болса Сер гей дің Голландия чемпионатында доп тебу-теппеуі осы оқу-жаттығу жиынынан ке йін белгілі болады. Автор: Арсен Жанаділ, “Алаш айнасы”