Жарнама
Жарнама

Хорватия – Шотландия: екеуіне де жеңіс керек

22.06.2021, 21:20
Жеңіс керек командалар көп шабулдайтын болады.
Жарнама
Жарнама

Хорваттар осы турнирде өткен 2 кездесуінде 1 ұпай алды. Бар болғаны бір гол салды. 2 матчта бар болғаны 3 дәл соққы бағыттаған екен. Бұл соңғы мундиальдың финалистері үшін төмен көрсеткіш. Салыстырмалы түрде 2018 жылы топта 9 ұпаймен бірінші орын алған болатын. Гол айырмашылығы 7-1 еді. 

Ал Шотландия құрамасы өз тарихында үшінші рет Еуропа чемпионатына шығып отыр. Қазақтардан 3-0 ұтылып көрген шотландықтардың көзінде от бар деп айтуға болады. Оның үстіне құрамы да айтарлықтар жаман емес. Бірақ олар әлі де гол салған жоқ. Егер бүгін жеңіске жетсе, турнирдегі кездесулерін тағы да біреуге арттырады. Ол үшін алдымен гол салу керек. Егер ағылшындармен тек қорғаныста ойнаса, Чехиямен болған ойында шотландықтар кәдімгідей мінез көрсетіп, көп соққы жасап, жақсы ойын көрсетті. 

Бүгінгі ойын барынша ашық болады деп ойлаймын. Өйткені екеуіне де тең есеп қызық емес. Хорваттар 3-ші орында болғанымен, топтан шығуға ұпай саны жеткіліксіз. Ал Шотландия құрамасына тек жеңіс керек. Сондықтан екеуі де гол салады деген бәс дұрыс көрінеді. Букмекерлер бұл бәске 1.83 коэффицент беріп отыр екен.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров