Жарнама
Жарнама

Хосе Канте әзірбайжандық клубқа ауысуы мүмкін

10.11.2021, 19:01
Футболшы бұл нұсқаға қарсы емес секілді.
Жарнама
Жарнама

«Қайрат» пен Гвинея құрамасының 31 жастағы шабуылшысы Хосе Канте мансабын Әзірбайжанның «Нефтчи» клубында жалғастырады, деп хабарлайды Sportinfo.az сайты.

Хосе Канте «Нефтчи» командасының трансферлік тізіміне енді. Конференция лигасының топтық кезеңінде «Карабахпен» болған екі ойында да көзге түскен гвинеялық легионерге «Нефтчи» қызығушылық танытып отыр.

Бакулық клубтың бұл ниетін шабуылшының өзі де біліп, мансабын Әзірбайжанда жалғастыруға келісімін берді. Жалғыз мәселе - легионердің қалаған жалақысын беру. Кантенің жылдық жалақысы 250 мың долларды құрайды екен.

Еске сала кетейік, Канте биыл наурыз айында «Қайратқа» ауысқан еді. Ол алматылық клуб сапында барлық турнирлерде 34 кездесу өткізіп, 16 гол соқты және 7 нәтижелі пас берді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров