Жарнама
Жарнама

Хосе Канте: «Бір-біріміз үшін жан беріп ойнағанымызды көру өте керемет»

22.07.2021, 13:35
Кантені кешегі матчтың үздік ойыншысы деп айтсақ болады.
Жарнама
Жарнама

«Црвена Звездаға» қарсы өткен матчтағы үздік ойыншылардың бірі Хосе Канте өткен ойын жайлы пікірімен бөлісті:

— Мен бұл командамен мақтанамын! Бір-біріміз үшін жан беріп ойнағанымызды көру өте керемет. Бұл біздің жетістікке жететін басты кілтіміз!

Мен гол соқпаған кезде өзімді жерден алып, жерге саламын. Ал бүгін мен гол салғаныма қуаныштымын және мақтанамын.

Клубымыздың ойыншыларына, бапкерлеріне және жұмысшыларына алғыс айтқым келеді! Жанкүйерлерге де алғысым шексіз - біз олардың көрсеткен қолдауын өте жақсы сезінудеміз.

Бүгін және ертең шаттыққа бөленейікші, ал сосын «Тұранға» қарсы кубоктік ойынға, кейін Сербиядағы жауапты ойынға дайындалатын боламыз.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров