Жарнама
Жарнама

Хосе Канте «Қайраттан» кетуі мүмкін

04.02.2022, 15:21
Футболшының алматылық клубпен бір жылдық келісім-шарты бар.
Жарнама
Жарнама

«Қайраттың» 31 жастағы гвинеялық шабуылшысы Хосе Канте алматылық клубтағы болашағы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды AS порталы:

– Испанияда ұлым бар, сондықтан футболмен қоштасқым келеді. Менің мансабым ұзаққа созылды. «Қайратпен» келісім-шартқа отырғанымда Қазақстанда бір-екі маусым өткізіп, мансабымды аяқтау туралы ой болды.

Физикалық тұрғыдан өзімді жақсы сезінемін. Әр матчта барымды саламын, мүмкін футболдан кетуге әлі ерте шығар, бірақ мен өз ойымды өзгертпеймін. Вагнер Лавтың жасына жеткен кезде қандай формада болатынымды білмеймін (күледі).

Менің әлі бір жылдық келісім-шартым бар, бірақ бізге клубтың құрамын түгелдей дерлік өзгертуді жоспарлағанын айтып, командада қалғысы келетіндер жалақыны қысқартуға мәжбүр болатынын ескертті. Мен Алматыда өте бақыттымын, бірақ осы жағдай орын алса, командамды ауыстырамын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров