Жарнама
Жарнама

Хосе Кантеге болгариялық клуб қызығушылық танытуда

17.11.2021, 20:11
Шабуылшыны әзірбайдандық клубтар да көздерінен таса қылмай бақылап отыр.
Жарнама
Жарнама

Софиялық ЦСКА клубы «Қайраттың» 31 жастағы гвинеялық шабуылшысы Хосе Кантеге көз тігіп отыр, деп хабарлайды «Subject Sport» басылымы.

Канте осы маусымда барлық турнирлерде 34 матч өткізіп, 16 гол соқты. Тәжірибелі шабуылшының келісім-шарты 2022 жылдың соңында аяқталады, бірақ болгариялық клубтың оны осы маусымда алуға мүмкіндігі бар, өйткені ЦСКА басшылығы шабуылшының ойынына тәнті болып отыр.

Бұған дейін әзірбайжандық «Қарабах» пен «Нефтчи» клубтарының Кантеге қызығушылық танытқаны хабарланған болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров